Песня Шіркін-aй (2016) в исполнении Кайрат Нуртас (Kairat Nurtas) - слушать онлайн в хорошем качестве или скачать трек в Mp3 бесплатно на ПК или телефон.
Текст песни Кайрат Нуртас (Kairat Nurtas) - Шіркін-aй (2016)
Шіркін-ай, әппақ және анық болса өмірдің түсі
Шіркін-ай, тек биікке шарықтаса көңілдің құсы-ай
Шіркін-ай, күнім болып көкте күлсе сәтті уақыттым
Шіркін-ай, мен мұндамын деп көрсе тәтті бақытым
(Қайырмасы:)
Осылай армандаушы ем, армандаушы ем
Сен маған кездескенше
Сүюден бақыт тапқан жан болмас ем
Сен маған кездескенше
Әлі де армандаушы ем мүмкін айым
Сен маған кездескенше
Көп еді көңілімде шіркін айым
Шіркін-ай, қос ғашықтар жарасымды қатар өткенде
Шіркін-ай, болса деуші ем әлі осындай махаббат менде
Шіркін-ай, бір келгесін тағы маған кетпейтін болса
Шіркін-ай, жастық шағым жалындаған өтпейтін болса
(Қайырмасы:)
Осылай армандаушы ем, армандаушы ем
Сен маған кездескенше
Сүюден бақыт тапқан жан болмас ем
Сен маған кездескенше
Әлі де армандаушы ем мүмкін айым
Сен маған кездескенше
Көп еді көңілімде шіркін айым