Текст песни Jeltoksan - Sagat 4-Te (Korgasyn 2020)
Сағат таяғанда төртке ояу тек шын тірілер, шын тірілер
Шамы жанған терезелерден бірге тілейміз айырма деп үміттен
Айырма, айырма, айырма, айырма үміттен
Айырма, айырма, айырма, айырма үміттен
Бұл бөлмеде, боялған түрлі түске
Ала алмай тұрмын көзімді сеннен
Сүйікті әндеріңді көрсет
Қозғалайық ырғақпен
Үйден алыстамыз екеуміз де
Жылуды іздейміз бөтендерден
Бұлақ өзен болады өскенде
Біз сіңіп кетпейміз бе шөлдерге?
Мен сіңіп кеткім келеді көздеріңе
Келіспесем де кейбір сөздеріңмен
Мазаламайды бостық өскен ішімнен
Болғанымда сенімен, тек сенімен
Сағат таяғанда төртке ояу тек шын тірілер, шын тірілер
Шамы жанған терезелерден бірге тілейміз айырма деп үміттен
Айырма, айырма, айырма, айырма үміттен
Айырма, айырма, айырма, айырма үміттен
Терең тыныс ал, пайда жоқ асығыстан
Қаласаң қал, бұл бөлме тар емес екеуге
Соңы белгілі кітап қайта оған оралма өтінем
Тамсанып тұрмын сұлулығыңа
Айдың жарығында
Сүйемін деген сөзім қалды тілдің ұшында
Мен кетемін
Қол бұлғайды армандар биіктерден
Маған өкпелеме
Қош есікті жауып қал артымнан
Түнгі қала, шамдарын жаққан
Жалғыз диуана жол – ұзын жіңішке
Қайта оралды жүрек қою көк түстерге
Сағат таяғанда төртке ояу тек шын тірілер, шын тірілер
Шамы жанған терезелерден бірге тілейміз айырма деп үміттен
Айырма, айырма, айырма, айырма үміттен
Айырма, айырма, айырма, айырма үміттен